Жаңалықтар

Тасқын толастар емес

30.03.2017.

Қарағанды облысындағы даладағы қардың еруі, ауа температурасының жоғарылауы, толассыз жаңбырдың жаууы, қар суының жолдар мен үйлер аулаларының су басуына әкеліп соқтырды.

Қарқаралы мен Егіндібұлақ елді мекендерінде қардың еруінен тас жолдар мен үй аулаларын су басу жағдайы тіркелді.

Сонымен қатар, Нұркен Әбдіров ауылдық округінің Ақжол бөлімшесінде 9 үйді су алды. Судың бетін қайтаруға, 84 адам мен арнайы 12 техника жұмылдырылды. 

Сондай-ақ, Шет ауданының Ағадыр кентінде жақын орналасқан бөктерден қар түсіп, су тұрғын үйлерге қауіп төндірді. Пикарская көшесіндегі 1 үйді қар суы басты. Тілсіз жауды ауыздықтау мақсатында 12 техника мен 72 адам жұмыс істеді.

Қарағанды облысының ТЖД ТЖ қаупін жою бойынша су тасқынына қарсы жедел штаб жұмыс атқаруда.

01.04.2017.

Қарқаралы ауданының Бүркітті ауылдық округінде жақын маңдағы төбе баурайында еріген қар салдарынан Талды станциясының бір бөлігін су басып, үйлерді де су басу қаупі төнді.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен станция қызметкерлері  станциядағы вокзал ғимаратында халықты орналастыру ұйымдастырылды. 101 адам жақын елді мекендерде тұратын туысқандарына орналастырылды. Бүркітті ауылы – 37 адам, Қарқаралы қаласы – 64 адам. Зардап шеккен тұрғындар №20 орта мектебіндегі эвакуациялау пунктінде орналасудан бас тартып, туысқандарына жеткізілді.

Құтқару жұмыстарына жергілікті атқарушы органдардан 36 адам мен 17 техника, Талды станциясынан 15 адам мен 1 инженерлік техника, ТЖД бөлімшелерінен 16 адам мен 4 техника,  Қаражалдағы Кәсіби әскери авариялық-құтқару қызметінің филалынан 3 адам мен 1 техника, Қарағайлы  байыту фабрикасынан 2 адам мен 1 техника жұмылдырылды.

Қарқаралы ауданының Ақшоқы ауылы, Нұркен Әбдіров ауылдық округінде барлығы 20 адам, оның ішінде  6 адам Жарлы ауылына, 14 адам Қарқаралы қаласына эвакуцияланды. 

Қарағанды облысында тасқын суға және жолдарды судың шайып кетуіне байланысты облыстық маңыздағы жолдарда автокөліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектелді.

02.04.2017.

2 сәуір күні сағат 16.00-ге дейін облыстық маңызы бар Тасауыл-Қызылқайың автожолындағы су қаупі жойылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде су өткізгіш құбырлар, арықтар тазаланды.

Целинный ауылдық округі Ақшағат ауылының 24 адамы (Жаңаарқа ауданы) үйлеріне қайта оралды. 36 адам қаладағы туыстарына орналастырылды.

Су тасқынына қарсы Соқыр өзенінің аумағында, нақты айтқанда «Рубеж» бекетінде алдын алу шаралары жасалды. Өзенінің су арнасынан асады деген жерлеріне топырақ және құм салынған қаптармен нығайту бойынша уақытша бөгеттер салынды. Ұзындығы 60 метрлік жасанды тоғанға 5000 қап құм мен топырақ пайдаланылды. 15 «КамАЗ» топырақ және 7 машина қиыршық тастар төгілді.

03.04.2017.

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов журналистермен су тасқыны қаупі бар жерлерді аралады. Қала басшысының айтуынша су тасқыны кезеңіне ақпан айының соңынан бастап дайындыққа кіріскен. Қыста 220 мың текше метрден астам қар шығарылған. Қалалық бюджетте ТЖ жағдайы үшін резервті қорда 100 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұқар жырау ауданының Чкалов ауылындағы жол еріген қар суының астында қалған. Теміртаулықтар көрші ауылға көмектесуде. Ол жаққа 8 техника жіберілген. Самарқанд су қоймасы еріген қар суын қабылдауға күзден бері дайындалуда. Осы мақсатта секундына 5-7 текше метр жылдамдықпен су ағызылып, сыйымдылық босатылды.

Әзірлеген

Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button