Абай

Тарихи шешім

«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

   Қазақстанның әлемнің алпауыт мемлекеттерімен терезесі тең болса екен деймін. Осы орайда Елбасының салиқалы ойы мен сарабдал жолы түйіскен латын әліпбиіне өту мәселесін толығымен қолдаймын.

 

Мәселен, әзірбайжандар 10 жыл бұрын, өзбектер15 жыл бұрын латын әліпбиіне толықтай көшті. Латын әліпбиіне көшу – Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған ауқымды мақсаты, тарихи шешімі. Латын әліпбиі – әлемде кеңінен тараған әліпбилердің бірі екендігін білеміз. Өз бастауын ежелгі Грекия және Рим елдерінен алып, бүгінгі таңға дейін жалғасып отыр. Қазақ халқына әліпбидің ауысуы қиынға соқпайды. Бұл жерде келешекте біздің өскелең ұрпақ бүгінгі істелген жұмыстың арқасында бәсекеге қабілетті, өз ана тілінде жазып және оқи білетін, ата-бабасының мәдениеті мен тарихын терең білетін азамат болуына жасалған қадамды аңғарамыз. Латын әліпбин таңдау – өркениеттік даму бағытын таңдаумен пара-пар дүние. Ұлттық санаға, ең алдымен, әсер ететін күш – ана тілі. Ал, тілімізді реформалау ұлттық сананы жаңа деңгейге көтеретін қадам деп ойлаймын. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, маңызды шешім екендігіне тағы да бір мәрте көз жеткіземіз. Өйткені,  латын әліпбиі – ғылым мен техника тілі десек, артық айтқанымыз емес. Техника мен ғылыми-инновация кезеңінде латын әріптерін оқи алатын, латынша жаза алатын маман ғана өз жаңалығымен әлемді таңғалдыра алады.

 

Айгүл ХАМИТҚЫЗЫ,

№2 Абай атындағы

лицейдің мұғалімі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button