Бас тақырыпЖаңалықтар

Тапшылық: оқулықтан кетті, көмірге жетті

Әзірге өмірін көмірсіз елестете алмайтын қарағандылықтар кейінгі жылдары қара алтынның тапшылығын көріп келе жатқаны жасырын емес. Әсіресе, оқу жылының алдында өңір мектептерін отынмен қамтамасыз ету – бірінші кезектегі шаруа. Бірақ, екі жыл қатарынан көмір тапшылығына ұшыраған Жаңаарқа ауданы мектептеріндегі мәселені облыс әкімі Ерлан Қошанов кезекті аппарат жиналысында қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Фото: karaganda-region.gov.kz

Облыстың білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиевтің айтуынша, облыстағы білім беру мекемелеріне 45,5 мың тонна көмір жеткізілген. Оның ішінде, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шахтинск, Саран қалалары отынмен толық қамтамасыз етіліпті. Барлық өңірлерде конкурстық процедуралар жүргізіліп, жеткізушілер де анықталған.

Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін отынмен толық қамтамасыз етілуі керек болса да, Жаңаарқа ауданындағы білім беру ұйымдарына көмір жеткізу проблемасы бар екенін жеткізді Есенғазы Нұртөлеуұлы. Аудан басшылығының «келісімшартқа отырып, көмір алатын болдық, енді тасуды бастаймыз» деген жауабына көңілі толмаған аймақ басшысы «көмірдің түбінде отырып, екі жыл қатарынан тапшылық көру деген не?» деп, жағдай қатаң бақылауда екенін ескертті.

Сондай-ақ, басқарма басшысы мәлімдегендей, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 2,6 млрд. теңге бөлініпті. ҚР Білім және ғылым министрлігінің кестесіне сәйкес, 20 тамызға дейін облыс мектептері оқулықпен қамтамасыз етілмек. Әзірге, орындалғаны – 44%. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі де өткен жылмен салыстырғанда 97%-дан 99%- ға артпақ. Ыстық тамақпен тегін қамтамасыз ету 9%-дан 10%-ға жоғарылаған. Жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан өткен 2597 мұғалім санатына қарай үстеме ақы алады.

18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтетін ХХVІІІ Жазғы Азия ойындарына дайындық жүргізу мен лицензия алу да аппарат жиналысына өзек болды. Азия құрлығының 45 елінен 10 000-нан астам спортшы қатысатын ойындарда 37 спорт түрінен 410 қазақстандық бақ сынаса, оның 34-і – қарағандылық. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов «әзірге 18 медальдан үмітіміз бар» дейді.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қарағанды облысы бойынша департаментіне Денис Шәкенов тағайындалғаны туралы да айтылды жиналыста. Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды қаласында тергеуші ретінде бастаған Денис Владимирович Агенттіктің орталық аппаратында әр түрлі басшылық қызметтер атқарған.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button