Бас тақырыпЖаңалықтар
Танымал қазақ альпинист Эверест шыңын бағындырды
Әлемдегі ең биік шың Эверестің төбесінде қазақ туы желбіреді. Қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев құзар шыңның басына шығып, бұл жетістігін Астана қаласының 20 жылдығына арнады, – деп хабарлайды Ortalyq.kz
Мақсұт Жұмаев ең алғаш рет Эверестке 2007 жылы солтүстік бөлігі арқылы көтерілген екен. Екінші сапарында ең күрделі жолды, яғни оңтүстік бөлікті таңдапты. Әлемде бұл жолмен жүріп, шыңды бағындырған санаулы адам ғана бар. Енді олардың қатарына Мақсұт Жұмаевта қосылды.