Жаңалықтар

Танабау деген не?

Газеттің 2 ақпаны күнгі №12 (22608) санындағы «Сауалына – жауабы» айдарында «Көгентүр» тақырыбымен сауал жолдаған едік. Сауалға жауап келді. Дұрыс жауапты бірінші болып берген Қарағанды қаласының тұрғыны, ардагер журналист – Қадыр ЖҰМЫШ.

«Көгентүр – бір-біріне жақын туыс адамдардың баласына сый ретінде берілетін мал. Бұл бала үшін сый-қуаныш болса, оның ата-аналары үшін құрмет көрсетудің белгісі. «Көген» деп төлдің мойнына байлайтын жіпті айтады. Яғни, көгентүр – балаға «көгеннің түбі болсын», «алғашқы малы болсын» деген ниетпен берілетін мал деп ұққанымыз жөн. Дана халқымыздың «Сыйласаң, баланы сыйла, берсең, балаға бер» деген мәтел «Көгентүр» дәстүрін қуаттай түседі» делінген хатта.

Келесі сауалымызға назар аударыңыздар.

«Танабау» дегеніміз не?

Сауал сырына үңілген Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Back to top button