Бас тақырып

Табыс пен салық: өзгеріс кезеңі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында салық салу жүйесін реттеп, жетілдіру керегін айтты.

Коллажды жасаған Е.Кеңесбекұлы

Мемлекет басшысының межесі

– Қазақстанда түпкі мәні өзгеріп кеткен қосылған құн салығының өзін реформалау қажет. Оны 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру мәселені шешпейді. Сарапшылар қосылған құн салығын көтеру көлеңкелі экономиканың үлесін арттырып, инфляцияның өсуіне әкеп соқтыруы ықтимал деп орынды пікір білдіріп жатыр. Бұл қадам еліміздің инвестициялық тартымдылығына да кері әсер етуі мүмкін, – деді Президент.
Бұл орайда Мемлекет басшысы табыс пен мүлікке салық салудың жаңа жүйесі енгізілмесе, кәсіпкерлер де табысын қалтаға баспай, бизнесін дамыту үшін жұмсауға ынталандырылмаса, арнайы салық режимдері өзгермесе, бұл міндет көздеген үдеден шықпайтынын меңзеді. Сондықтан, Салық кодексі секілді стратегиялық маңызы бар құжатты әзірлеуге осы сала мамандарынан бөлек экономистер мен бизнес өкілдері жұмылдырылуы қажеттігі назарға алынды. Әрине, бюджет қоржынын толтыру міндетін ұмытуға болмайды. Экономика неғұрлым қуатты болса, соғұрлым көп салық түседі деген қағидатты берік ұстану керектігін де ескертті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ал, осы жылдың 1 шілдесінде Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Салық мәдениеті һақында

Халық пен салықтың арасындағы жайттарды бір нақтылап, таразылап алмақ ниетпен облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Алданыш Адамбековке жүгінген едік. Алданыш Мейірханұлының сөзінше, құзырлы мекеме тарапынан салық және кеден заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Президент ұсынған салық реформаларының Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік ахуалды айтарлықтай жақсартуға әлеуеті жоғары. Алайда, оны табысты іске асыру халық пен бизнестің әртүрлі топтарының мүдделерін ескеруді, сондай-ақ, бақылау мен әкімшілендірудің тиімді тетіктерін құруды талап етеді. Реформалардың кешенді сипатқа ие болуы әрі тұрақты дамудың ұзақ мерзімді мақсаттарына қол жеткізуге бағытталуы маңызды. Бұқара халықты ағарту жолында салық мәдениетінің қалыптас­қандығы өзекті.

– Жалпы, республикамыздың әрбір тұрғынының алдында тұрған ең толғақты тақырыптардың бірі – жергілікті салық, мүлік салығы, жер салығы және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық тақырыбы дер едік.

Қолданыстағы заңнама салық салу объектісі бар жеке тұлғалар жеке мүлік салығын төлеушілер болып табылатындығын негіздейді. Бұл ретте салық заңнамасы мүлік салығын төлеуші болып табылмайтын тұлғалар санатына оралсақ, алдымен, Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы» атағын алған тұлғалар, үш дәрежелі «Даңқ» орденімен және «Отан» орденімен марапатталған «Қазақстан Еңбек Ері» аталған тұлғалар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген жандар, және басқа мемлекеттер аумағындағы әскери операциялардың ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейін кемінде алты ай жұмыс істеген жандар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, бала кезінен мүгедектігі бар адамның ата-анасының бірі, мүгедек балалар, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған «Батыр ана» атағына ие болған көпбалалы аналар, жеке тұратын зейнет­керлер жатқызылады. Осы тұста қарапайым халыққа түсіндіру жұмыстары, анықтамалық амалдарды барынша белсенді іске асырып келеміз. Өйткені, ақпараттық заманда осының бәрін тәптіштеп жеткізу қажеттігі бас көтереді, – деп ой тұжырды спикер.

Заңнама аясында

Салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру – маңызды міндет. Президент Жолдауында салық рәсімдерін оңайлату, сервисті цифрландыру және өкілетті органдар жұмысының ашықтығын арттыру қажеттігі туралы айтылды. Бұл бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайтып, салық төлеушілер мен мемлекет арасындағы өзара әрекеттесуді жақсартуы керек.

Мүлiк салығының объектiсi Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан меншік құқығындағы тиесілі тұрғын үйлер, ғимараттар, жазғы саяжайлар, гараждар, тұрақ орындары және басқа да құрылыстар, үй-жайлар, жеке тұлғаларға тиесілі жер учаскелері. Ал, салық салынатын нысандары бар тұлғалар дегеніміз алдымен меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша аумақты пайдалану құқығындағы жер салығын төлеушiлер. Елдiмекендер жерлерi үшiн базалық салық ставкалары алаңның 1 шаршы метрiне белгiленедi. Бұл ретте, қоныстанған елдімекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіне сәйкес белгіленуге тиіс. Яғни, мемлекет жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты немесе бастапқы өтеу­сiз уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде салық төлеушi жер учаскесiне осындай құқықтар берiлген айдан кейiнгi мерзімнен бастап жер салығын есептейдi. Жер учаскесiн иелену немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңiне есептеледi. Еске сала кетейік, мүлік салығы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей, яғни, 2023 жылға салық 2024 жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей төленуі тиіс.

«Шапса – көлік, сатса – пұл»

Көлiк құралдарына салынатын салықты төлеушiлер болып меншiк құқығындағы салық салынатын объектiлерi, яғни, уәкiлеттi органда қарапайым түрде, жол полициясы органдарында тiркелген көлiк құралдары бар жеке тұлғалар белгіленген. Көлік құралдары салығын төлеуден босатылған санатқа Ұлы Отан соғысының ардагерлері жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттер аумағындағы әскери операциялардың ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейін кемінде алты ай жұмыс істеген жандар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі, Кеңес Одағының Батыр­лары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстан Еңбек Ері» атағын алған, үш дәрежелі «Даңқ» орденімен және «Отан» орденімен марапатталған адамдар, «Батыр ана» атағын алған немесе «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алқасына ие болған көпбалалы аналар, жекеменшiгiндегi моторлы кресло-арбалар мен жеңiл автомобильдерi бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар жатады. Мұндай жеңiлдiктер салық кезеңi iшiнде бiр автокөлiк құралына қолданылады. Қозғалтқышының сыйымдылығы 4000 текше сантиметрден асатын жолаушылар вагонынан басқа, оларға қатысты 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн уәкiлеттi мемлекеттiк органмен көлiк құралына меншiк құқығының өзгеруiне байланысты тiркеу iс-әрекеттерi жүзеге асырылды.

– Мұндай тармақшалардың ережелерiн қолдануға құқығы бар-жоғына қарамастан оларда көрсетілген санаттардың біреуіне немесе бірнешеуіне 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін тіркеу іс-қимылдарынан өткен автомобильдерге ғана жеңілдіктің қозғалтқыш қуаты 4000 текше сантиметрден асатын автомобильдерге ғана қатысты екеніне назар аударғымыз келеді, – деді спикер, – Сондай-ақ, егер салық кезеңi iшiнде жоғарыда көрсетiлген жеңiлдiктердi қолдануға құқығы бар тұлғада меншiк құқығындағы бiрнеше көлiк құралы болса, онда бұл ережелер салықтың ең көп сомасы есептелген көлiк құралдарының бiрiне қолданылады.

Салықты есептеу үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданылатын айлық есептiк көрсеткiштiң индексi қолданылады. Жолаушылар вагондарына В санатты автомобильдер (В1-ді қоса алғанда), жүк платформасы бар моторлы көлік құралдары және жүк бөлігінен қатты стационарлық қалқамен бөлінген жүргізуші кабинасы (пикап-жүк автомобильдері), жол берілетін ең жоғары салмақ және жолаушылар орындарының саны бойынша В (оның ішінде ВЕ) санатының талаптарынан асатын өткізу қабілеті жоғары және жолсыз көлік құралдары, джиптерді қоса алғанда, жол талғамайтын көлік құралдары, сондай-ақ, кроссоверлар мен лимузиндер жатады.

Жүк автомобильдеріне С санатты автомобильдер (CE, C1E, C1 қоса алғанда), автомобиль шассиіне орнатылған қатты жабық шанағы бар В санатты мамандандырылған жүк автомобильдері немесе өндірістік, азық-түлік және ауыл шаруашылығы жүктерін тасымалдауға арналған жүк бөлігін бөлетін қалқасы бар, шанақтың (фургонның) ішінде жүкті ілуге және бекітуге арналған құрылғылармен жабдықталған вагон үлгісіндегі шанақ, борттық платформасы бар В санатындағы жалпы мақсаттағы жүк автомобильдері (пикап-жүк автомобильдерiнен басқа), арнайы көлік құралдарына белгілі бір технологиялық процестерді немесе операцияларды орындауға арналған арнайы жабдығы бар көлік құралдары, автобустарға D санатының автомобильдері (оның ішінде DE, D1E, D1) жатады.

Қозғалтқыш қуаты 1500 текше сантиметрден асатын автомобильдер үшін салық сомасы қозғалтқыш көлемі бойынша тиісті градуирлеудің төменгі шегінен асатын әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады. Қазақстан Респуб­ликасының аумағына әкелінген автомобильдердің әкелінген күні олардың бастапқы мемлекеттік тіркелген күні болып табылады. Көлiк құралының қызмет ету мерзiмi көлiк құралының паспортында (әуе кемесiнiң ұшуды пайдалану жөнiндегi нұсқаулығында) көрсетiлген дайындалған жылын ескере отырып есептеледi. Жүк автомобильдерiне және арнайы көлiк құралдарына салынатын салықты есептеу үшiн нұсқаулықта және көлiк құралын пайдалану жөнiндегi басшылықта көрсетiлген көлiк құралының жүк көтергiштiгi пайдаланылады. Егер жүк көтергіштік көрсеткіші көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта (қолмен) көрсетілмесе, онда ол көлік құралының рұқсат етілген ең жоғары салмағы мен көлік құралының тыйым салынбаған салмағы (көлік құралының бордюр салмағы) арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

Жеке тұлғалар сатып алу сәтiнде Қазақстан Республикасында тiркелмеген көлiк құралын сатып алу кезiнде көлiк құралына меншiк құқығы пайда болған айдың 1-шi күнiнен бастап, салық кезеңiнiң соңына дейiн немесе меншiк құқығы тоқтатылған айдың 1-күнiне дейiнгi кезең үшiн салық сомасын есептеуге тиiс. Жеке тұлғалардың салық төлеуі тұрғылықты жері бойынша бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Сауалына жауабы

«Автокөлік ұрланған жағдайда иесі көлік салығын төлеуге тиіс пе?» деген сауалға Алданыш Адамбеков iшкi iстер органдары салық органдарына берген көлiк құралын ұрлау жөнiндегi сотқа дейiнгi тергеулердiң бiрыңғай тiзiлiмiнде өтiнiштi тiркеу фактiсiн растайтын мәлiметтер оның иелерiнен ұрланған және ұрланған деп есептелетiн көлiк құралын iздеу кезеңiне салық салудан босату үшiн негiз екендігін қаперге салды. Бұл ретте мұндай салықты есептеу өтініш көлік құралын ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген күнінен бастап тоқтатылады. Салықты есептеу көлiк құралын ұрлау туралы қылмыстық iс тоқтатылған және iшкi iстер органдары салық органдарына берген мәлiметтер негiзiнде оны қайтарған күннен бастап қайта жаңғыртылады.

«Мүліктік салықты уақытында төлемеген жағдайда қайтпек керек?» деген рәуішті сауалымызға спикер берешегі бар салықтарды төлеуге, салық төлеу фактісін растауға, салық берешегін өтеген күннен бастап, бір жұмыс күнінен кешіктірілмей растайтын құжаттарды құзыретті мекемеге ұсынған жағдайда, өкімнің күші жойылатындығын хабарлады.

«Жалғызілікті зейнеткер мүлік салығын төлеу қажет пе?» деген сұраққа жеке тұратын зейнеткерлер айлық есептiк көрсеткiштiң 1000 есе мөлшерiнде мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайтындығын, яғни, 2023 жылы айлық есептік көрсеткіш тиісінше 3450 теңгені құрағандығы турасында хабардар болдық.

Таразы

Сөз соңында облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Алданыш Адамбеков пен жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы Алтынай Байдалина өңір тұрғындарына мүлік, жер учаскелері мен көлік құралдарына салық төлеу мерзімдері туралы еске салды. Салық жинауды бақылауды күшейту және көлеңкелі экономикамен күресу бюджетке түсетін салық түсімдерін едәуір арттыруы мүмкін. Бұл мемлекетке әлеуметтік бағдарламалар мен инфрақұрылымдық жобаларды тиімдірек қаржыландыруға мүмкіндік береді. Алайда, көлеңкелі экономикамен күресу артық бюрократияға және бизнесті жүргізу жағдайларының күрделенуіне әкелмеуі маңызды.

Жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің иелері өткен жылға салықты 2024 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей, көлік салығы – есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төленуі тиіс. Қазақстанда салық төлеуден босатылған азаматтардың санаттары бар. Жоғарыда аталғандардан өзге нақтырақ мәліметті облыстық мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінен білуге болады. Сондай-ақ, салық сомасын білудің және оны бір уақытта төлеудің бірнеше жолы бар. Бұл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz атты ресми сайты мен e-salyq azamat, сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларына өтіп өтеуге болады. Қолма-қол ақшамен «Қазпош­та» бөлімшелерінде, екінші деңгейдегі банктерде және төлем терминалдарында төлеуге болады.

– Салықты белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін негізге ала отырып, өсімпұл есептеледі. Хабарлама орындалмаған жағдайда берешек туралы ақпарат өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларына жолданады, – деп атап өтті Алданыш Адамбеков.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button