Табиғат  құбылыстары туристер үшін

   Қарағанды облысында Қазақстанның және халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітаптарына еніп, қорғауға алынған жануарларды көруге мүмкіндік беретін парк ашылады. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бұйратау» ұлттық паркінің теризм және экологиялық ағарту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жібек Ыбраеваның айтуынша, мамандар әлемдік қорықшылардың, оның ішінде АҚШ-тағы Йеллоустоун сияқты парктердің тәжірибесін қолданбақшы.

Бүгінде «ЭКСПО – 2017» көрмесіне орайластырылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылуда. Сонымен қатар, парктің маршруты белгіленуде.

Бір айта кетері, келушілер, бұғы, арқар, ақбөкен, бизон, қодас, марал, тырна, саршұнақ, суыр, құр секілді Қызыл кітапқа енгізілген аң-құстарды көре алады. Даланың тағыларын тамашалауға және суретке түсіруге ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ, Ұлттық паркте аң аулауға тыйым салынады. Табиғаттың ғажайып көрінісін көзбен көру үшін «Бұйратау» қорығына Қарағанды қаласы Молодежный ауылындағы Абай көшесі, 13 мекенжайында орналасқан кеңседе баж төлеп және билет сатып алу керек. Билет құны тәулігіне бір адамға мың теңге. Паркке кірмес бұрын туристерге нұсқаулық беріледі. Паркте демалыс барысында аумақты аралап, шатыр құруға, туристік соқпақтармен жүруге, жануарларды көріп,  Бозайғыр мен Әжібай өзендерінен қармақпен балық аулауға, археологиялық қазбаларды тамашалауға мүмкіндік бар.

Нұрдос КӘРІМ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.