Жаңалықтар

“Тақтар ойынының” финалдық сериясы АҚШ экономикасына шығын келтірді

20 мамыр күні АҚШ-тың 10 миллион тұрғыны “Тақтар ойыны” сериалының соңғы эпизодының шығуына байланысты жұмысқа келмеген. Бұл мәліметтерді еңбек ресурстарының компаниясы Kronos зерттеу институты жариялаған. Тағы 2,9 миллион адам жұмысқа кешігіп, ал 3,4 миллионы жұмыстан сұранған.

 

Challenger, Gray & Christmas компаниясының есептеуі бойынша, сериалдың кесірінен Америка экономикасы 3,3 миллиард доллар шығынға ұшыраған. Сондай-ақ, 20,4 миллион адам “Тақтар ойыны” олардың жұмысының өнімділігін төмендететінін мойындады.

16 мамыр күні “Тақтар ойындары” жанкүйерлері серияның соңғы маусымын қайта түсіруді талап еткен болатын. Тиісті петиция Change.org сайтында пайда болып, оған 300 мыңнан астам адам қол қойып үлгерген. Соңғы маусым көңілінен шықпағандардың айтуы бойынша Дэвид Бениофф пен Дэниел Бретт Уайсс кітаптар болмаған жағдайда сценарий жаза алмайды.

Еске сала кетейік, “Тақтар ойыны” телехикаясы Джордж Мартиннің “Песнь льда и пламениромандары циклінің желісімен түсірілген. Бірінші маусым 2011 жылдың 17 сәуірінде экранға шығып, миллиондаған жанкүйерлердің жүрегін жаулап алды. Телехикая американдық ТВ тарихындағы ең қымбат жобалардың бірі.

                                                                                                                            Әзірлеген: Меруерт Батталова

Басқа материалдар

Back to top button