Жаңалықтар

Таңдау – табысты даму үшін

«Қазақстан Азаматтары» қоғамдық бірлестігі биыл 9 маусымда өтетін кезектен тыс сайлауды толық қолдайды.

Шынында да, қазір елге осы маңызды мәселеде айқындық пен нақтылық қажет.
Бейбітшілік. Заңдылық. Тұрақтылық. Тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміздің осы үш құрамдас саясаты елдің табысты дамуының негізі болды.
Үкіметтік емес сектордың өкілдеріне біздің кірістеріміздің айқындылығы мен кепілді сақталуы жағдайында жұмыс жүргізу өте маңызды. Президент сайлауы – біздің тұрақты болашағымыздың, экономиканың, мәдениеттің, әлеуметтік өмірдің барлық салаларының одан әрі үдемелі дамуының кепілі. Сондай-ақ, сайлау өткізу Қазақстанның көшбасшы ретіндегі мәртебесін және Орталық Азия өңіріндегі беделін бекітеді.

Өкінішке орай, соңғы уақытта, халықтың кейбір санаттары Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген белгілі бір шектеулерді ескере отырып, қазіргі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігінің толықтығына байланысты әртүрлі пікірлерге алаңдаулы. Сондықтан, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бағдарламалық құжаттар бұрынғыдан да ұзақ мерзімді кезеңге сайланған заңды билік болған жағдайда ғана табысты жалғасын таба алады. Өйткені ауқымды өзгерістерді қысқа уақыт ішінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Біз, үкіметтік емес сектордың өкілдері үшін жаңа Президенттің келуімен мемлекет пен азаматтық қоғамдастық арасындағы табысты ынтымақтастықтың жалғасуын аса маңызды деп білеміз. Елбасы бастамашылық еткен және елдің әрбір тұрғынының игілігі үшін жүзеге асырылатын барлық шаралар, жаңадан сайланған Президенттің саясатында да табысты жалғасын табуы тиіс.
Өнімділіктің одан әрі өсуі, жұмыс орындарының ұлғаюы міндетті түрде жалғасуы керек!

Алдағы сайлау көреген Елбасы саясатының, ұлы бастамаларының жалғасы боларына, барша Қазақстан халқы тарапынан қолдау табарына сенімім мол!

Д.Полтаренко,

«Қазақстан Азаматтары»

қоғамдық бірлестігінің директоры.

Басқа материалдар

Back to top button