Жаңалықтар

Тәуелсіздікке арнады

    Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті және қалалық №5 орта мектептің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бәсекеге қабілетті жастар – Қазақстанның болашағы» атты жастар форумы өтті.

Форумды ұйымдастырушы – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Жас орда» студенттер ұйымы. Қалалық №5 орта мектебі жанындағы бейіндік оқыту ресурстық орталығында өткен форумға орта мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысты.

ҚарМТУ-дың баспасөз қызметінің хабарлауынша, форум аясында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды орта және жоғары білім деңгейінде даярлау қамтылды. «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық құндылықтарын негізге ала отырып, халықтар достастығы арқылы ел болашағының іргетасын нығайта түсуді мақсат етті. Тәуелсіздікке арналған жастар форумына қатысушылар мемлекетімізде сапалы білім алу, шынайы маман даярлау мәселелерін талқылап, ҚарМТУ-дың кәсіби-бейіндік білім беру алаңдарының жұмысымен танысты. Жастар форумының бағдарламасына орай оқушылар ресурстық орталық құрамындағы мектептер көрмесін тамашалап, мерекелік кеш қойды.

Айта кеткен жөн, Қарағанды қаласының бейіндік оқыту ресурстық орталығы өзі орналасқан №5 негізгі тірек мектебі және орталыққа қарасты желілік мектептердің (№№ 15, 16, 23, 27, 39, 41, 43, 57, 58, 66, 81) 9-11– сынып оқушыларын 9 жыл (2007 жылдың 12 шілдесінде құрылған) бойы сан-салалы мамандық түрлеріне бейімделіп келе жатыр. «Ғылым және білім интеграциясы» бағдарламасы аясында ресурстық орталықтың әлеуметтік серіктестігі ҚарМТУ – аталмыш ұйымға болашақта бәсекеге қабілетті маман дайындауға қолдау көрсетуін жалғастыруда.

Қазіргі уақытта серіктестер әлемдік нарыққа қажетті, жоғары білікті мамандарды орта және жоғары білім деңгейінде дайындауда бірлескен мақсаттарға жету үшін табысты еңбек етіп келеді.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button