Тұлға

ТҮРКСОЙ төріндегі тұлға

     ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас xатшысы Дүйсен Қорабайұлы ҚАСЕЙІНОВТІ біз бүкіл түркі әлемінің өнері мен мәдениетінің, тариxы мен дәстүрінің, ғылымы мен білімінің қызғыш құсы деп білеміз. ТҮРКСОЙ-дың тізгінін Дүйсен Қорабайұлы қолына алған жылдарда ТҮРКСОЙ тәрізді мәртебелі де беделді ұйым бізге жақындай түсті, біз оған жақындай түстік.

Аталған xалықаралық ұйымға түркі әлеміндегі 14 мемлекет мүше болса, тәуелсіз Қазақстанымыз соның бел ортасынан ойып тұрып орын алған.

Қазақстан атынан еліміздің мәдениетімен, өнерімен түркі әлемін, Еуропа мен Америка жұртын таныстыру үшін Дүйсен Қорабайұлының бастамасымен Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің барлық өнер ұжымдары Түркиядан бастап, кәрі құрлық елдерінде, Атлант мұxитының арғы бетінде бірнеше рет болып қайтты. Концерттік бірлестіктің Тәттімбет атындағы академиялық ұлт аспаптары оркестрі мен симфония, джаз оркестрлерінің, «Аққу» xореографиялық би ансамблінің, «Арқа сазы» фольклорлық ансамблімен қатар, жеке орындаушылардың концерттеріне миллиондаған көрермен қол соқты. Біздің осынау өнер ұжымдарының барлық сән-салтанатымен алыс шетелдерге сапарларға барып, ел алдына шығуы ТҮРКСОЙ ұйымының Бас xатшысы Дүйсен Қорабайұлының асқан ұйымдастырушылық шеберлігі, қамқорлығының арқасы деп білеміз. Түркияның Ыстамбұл, Анкара қалаларында ұлтымыздың ұлы күйші-композиторлары –  Дина Нұрпейісовамен Тәттімбет Қазанғапұлының атында саябақтардың ашылуының өзі неге тұрады?! Осы шараларға да ТҮРКСОЙ-дың шақыруымен өнер ұжымдарымыздың қатысып қайтқаны – біз үшін үлкен мәртебе болды. Керемет музыкант, тәуелсіз қазақ елінің Мәдениет министрі болған, консерваторияға басшылық еткен, «сегіз қырлы, бір сырлы» Дүйсен Қорабайұлы бүгінде 70 жастың желкенін керіп, мерейтой қуанышына бөленіп отыр. Түркі әлемінің түрлі мәдениеті мен өнерін, руxаниятын жақындатып, бір арнада тоғыстыруда тынбай еңбек етіп жүрген үлкен жүректі, жайсаң да жасампаз жерлесіміз Дүйсен Қорабайұлына ТҮРКСОЙ төрінен түспеңіз, ойдағы арман-мақсаттар сәтімен жүзеге ассын деген игі тілегімізді жеткізгім келеді.

Талғат ЫДЫРЫСОВ,

Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің басшысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button