Тәрбиешіге алғыс

   Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республиканың түпкір-түпкірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, №17 жалпы білім беретін орта мектеп ұстаздары тарихи мерекені атап өтуде.

Мектептің мектепалды даярлық сынып мұғалімі Зәмзәгүл Мауина ата-аналармен мектепішілік «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысын өткізді. Ата-аналар екі топқа бөлініп, бірінші топ «Болашақ», екінші топ «Дарын» тобы болып жарысты. Сайысқа ата-аналар – М.Айтмұхамедқызы, С.Сыздықова, А.Оспанова, М.Асылханова, И.Икласова, Д.Төлеген қатысты. Әр топ мүшелері Алғыс хатпен марапатталды. Сайыс әрқайсымызға үлкен ой салып, жетістікке жетеледі.

Жалпы, еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуде Зәмзәгүл Батқұлқызы осындай игі іс-шараларды үнемі өз тәрбиеленушілерімен және ата-аналарымен өткізіп келеді.

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өте қызықты өтті. Мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығын дамытуда жүргізген барлық жұмыстары үшін мектепалды даярлық сыныбының ата-аналары тәрбиешіге ризашылықтарын білдіреді.

17 орта мектебінің

мектепалды даярлық сыныбының ата-аналары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.