Тәрбие – тал бесіктен

«Өзін-өзі тану» бағдарламасы – өзіңді жеке тұлға ретінде тануға және адамзаттық сүйіспеншілік әлеміне ену мақсаттарын жүзеге асыруға себепші болып табылады.

Қарағандыдағы 18-ші ықшамауданда орналасқан «Қарлығаш» балабақшасында балаларға «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша шаралар өтті. «Алтын жүрек анамыз», «Отбасы жарастығы», «Әкем, анам және мен», «Өнеге-отбасынан», «Достық, мейірімділік әлемі» атты тақырыптарда өткен дөңгелек үстелге ата-аналар, балалар, тәрбиеші-педагогтар белсенді қатысты.

Өзін-өзі тануды жүргізудің тағы бір тиімді тұсы – баланың ата-анасымен, отбасымен тығыз қарым-қатынас жасау мүмкіндігі. Жақындық, туыстық – халқымыздың қанына сіңген қасиеті. Сондықтан, балалар өз отбасы туралы, отбасындағы құндылықтар мен дәстүрлері туралы ой бөліседі. Осылай балабақша қарлығаштары еліміздің білім аспанында талмай шарлап, өркениет көшінің алдында білікті тәрбиешілер қатарынан көріне бермек.

А.ЖАКЕНОВА,

«Қарлығаш» балабақшасының директоры.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.