Бас тақырып

Тұрақтандыру қоры – тұрақтылық негізі

Жуырда «Сарыарқа» әлеуметтіккәсіпкерлік корпорациясы пияз, картоп, қырыққабат бағаларының өскендігін мәлімдеді.

Айта кетейік, азық-түлік өнімдерінің бағасын қалыпты деңгейде ұстап тұру мақсатында тұрақтандыру қоры құрылып, оған өткізілген өнімдер тұрғындарға коммуналдық базарлар арқылы ұсынылатыны белгілі. Осы орайда, «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағаларын тұрақтандыру үшін барлық мүмкіндіктер барын атап көрсетті. Сонымен қатар, аймақтың тұрақтандыру қорына қажетті азық-түлік түрлерін сақтауды талапқа сай қамтамасыз етуді, сондай-ақ сақтауға қойылатын өнімдердің сапасы бақылауда екендігін сөз етті.

Бүгінде базарларда келісі 60 теңгеден саудаланып келген қырыққабат 90 теңгеге өссе, картоп пен пияз да қымбаттаған. Қазіргі уақытта әлеуметтік павильондарда қырыққабаттың келісі 65 теңгеден сатылуда. Ал, пияз, картоптың келісі 55 теңгеден саудалануда. Әлеуметтік дүкендерде 5-10% төмен бағада тұтынушыларға ұсынылып отыр.

«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өкілдерінің айтуынша, биылғы жылы тұрақтандыру қорында 2,5 мың тонна өнім жиналған. Қоймаларда 68 тонна күріш және қарақұмық сақтаулы. Сондай-ақ, көкөніс қоймаларында 204 тонна қант, 50 мың литр күнбағыс майы, 60 тонна қырыққабат, 300 тонна сәбіз және пияз, 1432 тонна картоп, 50 тонна қызылша тұр.

Нұрдос КӘРІМ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Back to top button