Жаңалықтар

Тұрғындар қауіпсіз орынға көшірілді

    Шет ауданына қарасты Ақжал ауылындағы апатты жағдайда тұрған үйден 303 адам көшірілді. Ғимараттың аумағы қоршалып, тәулік бойына күзет қойылды.

Апатты жағдайда тұрған №5 тұрғын үй 1980 жылы тұрғызылған. 2016 жылдың 3 қыркүйегінде «Стройтехнология» ЖШС мамандары жүргізген тексерудің нәтижесінде үй апатты жағдайда екені анықталды.

Үйдің қабырғаларындағы жарықшақтарды бекітіп, жертөлесін тазалау және құрғату керек, сондай-ақ шатырына күрделі жөндеу жүргізу қажет. Ғимараттың техникалық ахуалының күрт төмендеуіне жертөлеге жиналып қалған су әсер етуде. Судың жиналуына үйілген қоқыс пен аймақтағы аномальды ауа-райы ықпал еткен.

2016 жылдың 6 қыркүйегінде Шет ауданы әкімінің қаулысымен ведмостваралық комиссия құрылып, үйдің апатты жағдайда тұрғаны дәлелденді. 15 қыркүйекте ТЖ жарияланды. Сол күннен бастап аудан әкімшілігі күн сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізумен айналысуда. 69 пәтердің тұрғындары (288 адам) қоныс аударды, олардың бір бөлігі (15 отбасы) бұрынғы дәрігерлік амбулаторияға қоныстандырылды.

Үйдің қауіпті жағдайда тұрғаны туралы ескертулерді елемеген 4 пәтердің тұрғындары (15 адам) апатты жағдайда тұрған үйдлерін босатқылары келмейді. Бұл адамдарға уақытша пәтер беру мәселесі талқыланды. Билік өкілдері апатты жағдайда тұрған үйге су мен жылу жіберуді жалғастыруда.

Қарағанды облысының әкімдігі қазіргі уақытта №5 үйді қалпына келтіруге қажетті қаражат көздерін табу мәселесін қарастыруда. Сметалық құжаттарға сәйкес, жөндеу жұмыстарына шамамен 100 миллион теңге қаражат қажет.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button