Бас тақырып

Төл мереке төрге озуда

Амал мерекесімен басталған Наурызды бүгін қарағандылықтар айрықша атап өтіп жатыр. Қарағандыдағы орталық саябақта ақшаңқан ақ үйлер тізбекпенен құрылып, ұлттық болмыс салтанат құруда.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ.

Көпшілік қауымға арнап, қарағандылық өнерпаздар «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік театрландырылған қойылым ұсынуда.

Қ.Байжанов атындағы «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің той бастар әнімен басталған мерекелік іс-шара «Құс қанатындағы Наурыз» атты театр қойылымымен жалғасты.

Әрмен қарай «Арай» ансамблінің әншілері ән-жырмен шашу шашты.

Халықаралық байқаулардың лауреаты, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, «Голос» және «Славян базары» халықаралық байқауының жүлдегері, Әмре атымен көпшілікке танылған Ернар Сәдірбаев өнер көрсетті.

«Азия дауысы» фестивалінің жеңімпазы, дара дарын иесі Бауыржан Исаев та меймандарды мерекемен құттықтап, ән шырқап берді.

Қарағандылық дизайнерлердің «Nauryz – Fаshion» атты сән көрмесі де көпшілікті қызықтырды.

Думанды кеш Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік әзірлеген мерекелік бағдарламамен жалғасуда.

Мерекелік думанда облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев әр құрылым, ұйым құрған киіз үйлерді аралап, меймандарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жүр.

Кеншілер астанасында төл мерекеміз осылай төрге озуда.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button