Қарағанды

Тұлға өмірінен терең тәлім

Жуырда мектеп ұжымы және оқушылары Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрына көрермен ретінде бардық.

Біз көрген спектакль қазақтың ұлы зиялы қайраткерлерінің бірі, қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына өзіндік үлкен септігін тигізген Әлихан Бөкейханов туралы болды. Тұлға қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешіріп, шыбын жандарын шүберекке түйіп, қазақ жұртының қамын ойлап, қазақ тілінің болашағына алаңдаулы болып, патша үкіметінің озбырлық саясатына барынша қарсы тұрып, ұлт тағдырын өз тағдырынан әрқашан да биік қоя білді. Қыл үстінде тұрған елімізді тәуелсіз мемлекетке айналдыруды көздеді.

Осы сезімнің барлығын шынайы сюжет ретінде халыққа жеткізіп, көрерменді ерекше әсерге қалдыра білген актерларға алғысым шексіз.

Спектакльде айтылған, жадымда сақталып қалған жаныма жақын үш сөз – Отан, жер, ел!

Назерке ӘБІЛДИНОВА,

№77 жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешенінің

9-сынып оқушысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button