Бас тақырыпОблыс әкімі

Түйінді мәселелер талқыға түсті

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АБАЙ АУДАНЫНА БАРДЫ. САПАР БАРЫСЫНДА АЙМАҚ БАСШЫСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕКЕМЕЛЕРІН АШУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ ЖОҒАРЫ ТАУАРЛАР БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ БАСА НАЗАР АУДАРДЫ.


Балабақшалардағы кезек мәселесі әкім назарынан тыс қалмады. Қазіргі таңда ауданда мектепке дейінгі мекемеге кезекте екі мың бала тұр. Кезекті еңсеру мақсатында жергілікті билік балабақшалар ішінен жаңа топтар ашуда. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелер ашу үшін қолайлы ғимараттарды босату жоспарлануда. Қазір бұл ғимараттарда мемлекеттік ұйымдар орналасқан.
Облыс әкімі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы бойынша бизнесмендерді белсенді түрде тартуды тапсырды
Жұмыс сапары кезінде Жеңіс Қасымбек қозғаған тағы бір өзекті мәселе әлеуметтік азық-түлік бағасының өсуіне қатысты болды. Өңір басшысы көкөніс пен басқа да өнімдердің құнын бақылау үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.
Сондай-ақ, Жеңіс Қасымбек соңғы айларда Абай ауданында жұмыссыздар санының артқанын атап өтті. Аудан әкімі Бауыржан Асанов бұл динамиканы тұрғындардың атаулы әлеуметтік көмек алу ниетімен байланыстырды.
Әкім АӘК тағайындалуын бақылауды күшейтуді міндеттеді. Мемлекеттік көмек алушылардың көмекке шын мәнінде мұқтаж екендігін тексеру қажеттігін айтты.
Аймақ басшысы сапар аясында «Шанс» шаруа қожалығына барды. Қожалық басшысы Игорь Жабяктың айтуынша, облыс әкімдігімен арадағы меморандумға сәйкес, қожалық тұрақтандыру қорына 500 тонна картоп беруге дайын.
«Шанс» шаруа қожалығы – облыстағы ең ірі ауыл шаруашылық кәсіпорны. Мұнда картоп, дәнді және жемдік дақылдар, мал өсіріледі.
Астық облыс аумағына, Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтанға жеткізіледі. Бұл Елбасының тапсырмасы бойынша құрылған елорданың азық-түлік белдеуін қалыптастыруға қатысатын біздің аймақтағы жалғыз шаруа қожалығы емес. Мысалы, «Топар жылыжайлары» ЖШС жыл сайын өз өнімінің үштен бірін Нұр-Сұлтанға жөнелтеді. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында ғана елордаға 800 тонна қияр, қызанақ және бұрыш секілді көкөністер жөнелтілді.
«Топар жылыжайлары» ЖШС 20 гектар жабық топырақ алаңдарына ие. Өнімнің негізгі бөлігі – қияр мен қызанақ болып табылады. Бұл жерде лимон, апельсин және эксперимент ретінде гуава, папайя, анар және құрма өсіріледі. Осы жылдың қаңтарынан тамыз айына дейін жиналған өнімнің жалпы көлемі 3663 мың тоннаны құрады.
Директор Сұлтан Мүрсәлімовтің айтуынша, қазір жылыжай үшін басты проблема – жарықтандыру болып отыр.
– Қияр өсетін жаңа жабық кешеннің бір бөлігі жарықтандырылмаған. Электр желілерінің қуаты жетіспейді. Бұл өнімділікке тікелей әсер етеді. Егер, қазір біз шаршы метрден 43 тонна жинап отырсақ, ал, жарықтандыру арқылы 100 тонна жинайтын едік, – деді Сұлтан Мүрсәлімов.
Сонымен қатар, жылыжайдың бір бөлігі жаңғырту мен кеңейтуді қажет етеді. Бұл жерде экзотикалық жемістер өсіруге мүмкіндік бар. Яғни, Қарағанды облысын, елорданың және басқа өңірлердің тұрғындарын отандық өндірістің пайдалы және сапалы өнімдерімен қамтамасыз етуге болады.
Жалпы, биыл облыс алқаптарынан 270 мың тонна картоп жиналды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Өңіріміздің тұрақтандыру қорына оның 2100 тоннасы жөнелтіледі. Бұл қыс айларында көкөніс бағасының өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.
Абай ауданына жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Тасзаимка кентіне апаратын жолды қарап шықты. Аймақ басшысы оны күрделі жөндеуден өткізу және биіктету үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді тапсырды.
Әкім, сондай-ақ, «Восточная» орталық байыту фабрикасының және Топардағы ГРЭС жұмысымен танысты. Кәсіпорындарда елеулі проблемалар жоқ. Мұнда барлық жұмыс штаттық режимде жүргізілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button