Қарағанды

Сыдық Мұхамеджановтың «Жұлдыз белгісі» ашылады

Қарағанды қаласындағы «Жұлдыздар аллеясында» КСРО Халық әртісі, КазКСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сыдық Мұхамеджановтың «Жұлдыз белгісінің» ашылуына байланысты Кеншілер мәдениет сарайында баспасөз мәслихаты өтті.

Оған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рымбала Омарбекова, композитордың қызы Ләйла Мұхамеджанова, күйеу баласы Ғабдул Ұнайбеков, Қазақстан композиторлар одағының төрағасы Серік Әбдінұров, белгілі опера әншісі Кенжеғали Мыржықбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, компорзитор Серік Еркінбеков, «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің директоры Қайрат Әбілда және басқа да қонақтар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында ұлы композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен сөз қозғалып, журналистер өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды.

Бүгін, яғни, 10 қазан күні кешкі сағат 18:30-да Кеншілер мәдениет сарайында Сыдық Мұхамеджановты еске алу концерті, ал, 20:00-де «Жұлдыздар аллеясында» «Жұлдыз белгісінің» ашылуы өтеді.

Жәлел ШАЛҚАР.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button