Жаңалықтар

Суық хабар қабырғамызды қайыстырды

Әріптесіміз Сәттібай Темірғалиұлы Жүнісовтің мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты суық хабар қабырғамызды қайыстырды.

Өмірден ерте озған болмысы бөлек, ұстанымы берік замандасымыздың айтар асыл ойлары мен халқына берер пайдасы мол еді. Орны толмас өкініш өзегімізді өртеп, асыл азаматтан қапыда айырылып қалдық.

Сурет: басқармадан алынды

Сәттібай Темірғалиұлы – ұзақ жылдар бойы облысымыздағы мемлекеттік жастар саясаты саласының жүзеге асуы мен дамуына өзіндік үлесін қосқан білімді маман, білікті мемлекеттік қызметші еді. Осы салада жинақтаған мол тәжірибесін ізін басқан жас мамандармен әрдайым бөлісуге, бағыт-бағдар беруге даяр тәлімгер ретінде қалыптасты. Мемлекеттік саладағы мінсіз қызметі үшін республика және облыс басшылығы тарапынан сан мәрте марапат пен Алғыс хаттарға ие болды.

Сәттібай Темірғалиұлы қызметімен қатар, шығармашылықты қатар алып жүрген белгілі ақын болған. Оның өңіріміздегі зиялы қауым, ақын-жазушылардың ортасындағы орны бөлек еді. Үлкенге құрмет, кішіге лайықты ізет көрсете білген ақынның қазасына байланысты толастамай жарияланып жатқан көңіл айту хаттары мен жұбату сөздері осының айғағы. Қысқа да болса ғұмырында, жарық көрген өлеңдері мен туындылары біз үшін құнды мұра, баға жетпес естелік.

Өмірлік жолында адал еңбек етіп, абыроймен өткізген, оң істерінің жемісін қалдырған ардақты азаматтың жарқын бейнесі әрдайым жадымызда.

Ұжымыздың атынан Сәттібай Темірғалиұлының ардақты әкесіне, жолдасы мен балаларына, жақындары мен ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Жаратқан ұрпағына ұзақ ғұмыр нәсіп етсін.

Асыл азаматтың иманы саламат болсын!

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button