Жаңалықтар

Белгілі ақын Сәттібай Жүнісов өмірден өтті

Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар белгілі ақын, облыстық, республикалық ақындар айтысы мен жыр мүшәйраларының жүлдегері Сәттібай Жүнісов мезгілсіз өмірден өтті, деп хабарлайды ortalyq.kz.

Суреттер: әлеуметтік желідегі парақшасынан

Сәттібай Темірғалиұлы Жүнісов 1981 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ескене ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Атасу орта мектебін тәмамдап, сол жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетіне оқуға қабылданып, оны 2002 жылы аяқтаған.

Сәттібай Темірғалиұлы облыстық Жастар саясаты басқармасында жемісті еңбек етіп, мемлекеттік тілдің дамуына сүбелі үлесін қосқан қайраткер азамат, айтулы ақын еді.

Марқұмның жанұясы мен туған-туыстарына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button