Бас тақырыпЖаңалықтар

Суретші Кәріпбек Күйіков Шавкат Рахмоновқа өз картинасын сыйға тартты

Халықаралық ядроға қарсы қозғалыс белсендісі, әлемге әйгілі суретші Кәріпбек Күйіков аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа биіктерден көріне беруіне тілектестік білдіріп, өз қаламынан туған қыран бейнеленген картинасын сыйға тартты.

Суреттер: К.Күйіковтің жеке мұрағатынан

Аты аңызға айналған спортшы мен қарағандылық қылқалам шеберінің кездесуі Алматы қаласында өтті. Суретші бұл сыйдан белгілі бір нышан көретінін айтып, Шавкаттың дала қыранындай биіктерде қалықтап, Отанының даңқын асқақтата беруін тілейді.

– Мен Шавкатты батыр деп санаймын. Ол менің жерлесім – қарағандылық. Мен оны Қарағандыда жүрген кезінен танимын. Ол кезде Шавкат базарда жұмыс істейтін. Ол саяхатын сол жерден, Қарағандының базарынан бастады. Бүгінде әлемдік деңгейде үлкен жетістікке жеткен жерлесімнің әрдайым биіктерден көрініп, дала қыранындай қалықтап жүре беруін тілеймін, – дейді суретші.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button