Спорт

Шавкат Рохманов кезекті жекпе-жегін өткізеді

16 желтоқсаннан 17 желтоқсанға қараған түні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC 296 турнирі өткізілмек. Осы түні қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов өнер көрсетеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz bassport.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: bassport.kz сайтынан алынды

Турнирдің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақ дәрежесінің чемпионы (77 келіге дейін) британдық Леон Эдвардс америкалық Колби Ковингтонға қарсы чемпиондық атағын қорғайды.

Сонымен қатар, ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі (57 келіге дейін) титулдың иегері бразилиялық Алешандре Пантожа америкалық Брэндон Ройвалмен кездеседі.

Ал, қазақстандық Шавкат Рахмонов америкалық Стивен Томпсонмен жекпе-жекке шығады.

Материалды әзірлеген Е.ЕРБОЛАТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button