Сәтбаев

Ұстаздармен кездесті

   Сәтбаев қаласында құрылған ақпараттық-насихат тобы тұрғындарға Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауының талаптарын түсіндіру бағытында тиянақты жұмыс жүргізіп келеді. Жақында аталған топ мүшелері ұстаздар қауымымен жүздесті.

Кездесу кезінде әңгіме өзегі Елбасы Жолдауындағы «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деген тапсырмасы төңірегінде өрбіді. Осы жайтқа, сондай-ақ, Жолдауда жалпы білім саласына қатысты қозғалған мәселелер хақында қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлсім Есмұрзаева баяндама жасады.

Жүздесу барысында сөз тізгінін алған №19 орта мектептің мұғалімі Амангелді Құрақбаев жаһандану жағдайында жас буынның іргетасы берік ұстанымдарын қалыптастыру кезек күттірмес қажеттілік екендігін нақты тұжырымдармен екшей отырып, еске салды.

Жиын қорытындысында оны жүргізу тізгінін ұстаған «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңбырбай Дәрібаев мерейлі міндеттерді оңтайлы іске асыруға қала мектептері ұстаздарының қауқары толығымен жететінін және олардың сенімге селкеу түсірмейтінін айрықша атап өтті.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

СӘТБАЕВ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button