Жаңалықтар

Стандарттау саласының үлесі сараланды

   Дүниежүзілік Стандарттар күні жыл сайын 14 қазанда аталып өтіледі. Бұл күннің негізгі міндеті – бірыңғай стандарттарды жасауға қатысты жұмыстардың маңыздылығына елдің назарын аударту.

Стандарттау – бұл стандарттарды әзірлеу, жариялау және қолдану жұмыстары, оның мақсаты – белгілі бір саланы ретке келтірудің оңтайлы әдістеріне қол жеткізу. Дүниежүзілік Стандарттар күні стандарттардың күнделікті өмірге, нарықтық экономикаға және халықаралық қатынастарды дамытуға қосатын үлесін саралап қарауға үлкен мүмкіндік береді.

Биылғы жылғы іс-шара «стандарттар сенімділік танытады» ұранымен өткізілді. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қарағанды филиалының ұйымдастыруымен «Техникалық реттеу дамуының басым бағыттары» атты тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиында талқыланған тақырыптар өндірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де өте маңызды болды.

Сондай-ақ, «ҚазСтИн» РМК жыл сайынғы дәстүрге айналған жылдық көрсеткішке байланысты жеке кәсіпкерлерді Алғыс хаттарымен марапаттады. Стандарттау саласын дамытуға үлестерін қосқаны үшін Қарағанды облысы бойынша «Нәтиже сүт фабрикасы» ЖШС-не Алғыс хат табыс етілді.

Мөлдір ҚОЗЫБЕКОВА,

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК

Қарағанды филиалының жетекші маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button