Қарағанды

Спортта жетістік баршылық

Еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру бағытындағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында Елбасы Н. Назарбаев: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі», – деп ерекше атап көрсетті. Осыған орай, әлемдік жаһандануға байланысты мектеп ұжымының алдында жасөспірімдерді салауатты өмір салтына бейімдеу талабы тұр.

Қыс бойы мектеп оқушылары – Алсу Марипова, Александра Воронкова, Диана Мансұрова, Александра Зубкова, Александр Витязь, Ангелина Астафьева қысқы Президенттік көпсайыс бойынша республика деңгейінде өткізілген жарыстарға қатысып, жүлдемен оралып жүр. «Еңбегі көптің өнбегі көп» демекші бапкерлердің тынымсыз еңбегінің арқасында үш жыл бұрын, облыстық жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Алексей Лукьяновтың бастауымен мектепте қысқы Президенттік көпсайыс спорттық секциясы ашылды. Бұл секцияның мақсаты – жасөспірімдердің қысқы спорт түрлеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, салауатты өмір салтына баулу. Жылдан жылға спорттық секцияға қатысушылардың саны көбеюде. Қазіргі таңда бұл спорт түрімен айналысатын балалардың саны 80-ге жуық.

Биылғы оқу жылында мектебімізде Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы Алданыш Қалибеков шаңғы спортын дәріптеуде. Мектеп директоры Ықлас Мұстафиннің қолдауымен, аз уақытта екі бапкердің үйлесімді еңбектерінің арқасында, № 8 мектептің Президенттік көпсайыс құрама командасы мектебіміздің мықты екенін дәлелдеп жүр.

А. БОЖАНОВА,

8 жалпы білім беретін орта мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button