АймақСпортШет

Спорт мектебі жөндеуден өтті

Шет ауданы Ақадыр кентінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі күрделі жөндеуден өтіп, қайта пайдалануға берілді. 1973 жылы салынған спорт нысаны ұзақ уақыт бойы жөнделмеген екен. Жөндеу барысында спортзалы өзгертіліп, қасбеті жаңартылған.

– Біздің мектепте 7-18 жас аралығындағы 700-ден астам оқушы спортпен шұғылданады. Мұнда 10 бөлім жұмыс істейді. Жөндеуден кейін ғимарат жылынып, жайлы бола түсті. Салауатты өмір салтын ұстану, бұқаралық спортты дамыту басты мақсатымыз. Бұл мектептен талай спортшы шығатынына сеніміміз мол, – дейді БЖСМ директорының орынбасары Айнұр Шамғұнова. Айта кетейік, жөндеу жұмыстары өткен жылы басталған. Ішкі әрлеуден басқа, мердігерлер ғимараттың сыртын металл қаптамамен қаптаған. Қосымша жылыту радиаторлары мен шамдар орнатылған.

Нұрдос КӘРІМ.

Шет ауданы

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button