Жаңалықтар

Соны серпін – тың жоба

    Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім жүйесін жалпы білім беру орта мектептеріне таратуда көптеген істер атқарылуда. Соның бірі – Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен өткізіліп келе жатқан серіктес мектептер мен пилоттық мектептерге арналған тәжірибе алмасу семинарлары. Облысымызға қарасты жалпы білім беретін 26 орта мектеп басшылары мен ұстаздары бүгінде серіктестік орнатып, Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім жүйесіндегі тың бастамалармен танысып, оларды өз мектептерінде жұмыс барысында қолдануға ынталы.

    Осы жолғы семинарда мектеп басшылары басқарудағы көшбасшылық пен мектеп даму жоспарымен таныстырылды. Ал аталмыш мектептерден келген ұстаздар критериалды бағалау жүйесін қолдану бойынша ұсыныстар алды. Осыған қоса, Ғылыми және әдістемелік жұмыс бойынша директор орынбасарларына сабақтарда STEM әдісінің қолдануы көрсетілді. Жылдық жоспар бойынша өткізіліп келе жатқан екінші кездесу ақпаратты, танымды және пайдалы болды деген пікірлермен аяқталды.

Мирас АСАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button