Қарқаралы

Әскерилер үдеден шықты

   Сәуір айында Қарқаралы ауданы, Нұркен ауылындағы Қопа өзеніне 2 адам суға кеткен еді. Тілсіз жау жалмаған адамдарды іздестіру жұмысына жұмылдырылғандар арасында «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 52859 әскери бөлімінен 8 адамнан құрылған іздеу взводы да болды.

Дабылмен төтенше жағдай аймағына жөнелтілген капитан Диас Абдикаримов бастаған бұл іздеу взводы келген бетте арнайы су киімдерін киіп, іздеу-құтқару жұмыстарына кірісіп кетті. Құтқарушылар барлық мүмкіндікті пайдаланды, бірі қайықпен іздесе, бір тобы өзен жағалауынан қарады. Сонымен қоса, екінші күні 52859 әскери бөлімінің 1 құтқару батальонының командирі, майор Руслан Жакулин бастаған құтқару ротасының жеке құрамы да көмекке келді. Сарбаздар мен сержанттардан құрылған бұл топ, іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижелі аяқталуына барынша үлесін қосты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан құтқарушылар түнде ұйықтамай, күндіз демалмай жүктелген жұмысты мінсіз атқарды. Соның нәтижесінде, 6 сәуір күні судың астында қалған ауыл азаматын тауып, өздеріне тапсырылған тапсырманы абыроймен атқарды.

Айта кетейік, оқу-жаттығуларда өздерінің жоғары әскери дайындықтарын көрсетіп жүрген біздің құтқарушы жауынгерлер өздерінің шыңдалған тәжірибесін іс жүзінде көрсете білді. Іздеу-құтқару жұмыстары аяқталған соң Қарқаралы ауданының әкімі және ауыл тұрғындары ат салысқан Ұлттық ұлан сарбаздарына ерекше ілтипатын білдірді. Ұлттық ұлан құтқарушы жауынгерлері, қиын жағдайда қалған жандарға көмек қолын созуға әр кезде дайын.

Мақсат БАЛЖАНОВ,

құтқару бөлімшесінің

командирі, сержант.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button