Әскери өмір баспалдағы

    Биыл 120 курсант «Спасск» оқу-жаттығу орталығын­­дағы арнайы курсты тәмамдады.

Түлектер арасында 10 курсант оқу­­ды үздік бағаға бітірді. Олардың ара­сында егіздер Рахымбай мен Зыр­қымбай Қалиасқаровтар да үздік куәлікке ие болды. Жастайынан әскери қызметті армандаған екі жігіт оқуда озат көріне білді.

Жалпы, оқу бағдарламасы 3 айға есептелген. Алғашқы айда курсанттар әскери қызметтің негізін үй­ре­ніп, ант қабылдайды. Кейінгі екі айда практикалық шеберлігін шың­дап, теориялық дәрістерде білімін же­тіл­діреді. Бір айтары, оқу орталығын бі­тірген соң бір жылға ҚР Қарулы Күш­терінің әскери бөлімдеріне маман ре­тінде келісім-шартпен жіберіледі.

Биылғы жылғы алғашқы түлектерді шығарып салу салтанатына «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, полковник Қайдар Қара­құлов қатысты. Түлектерге құттықтау сөзін жеткізіп, куәліктер табыс етті. Сондай-ақ, шараға арнайы шақырылған Ауғанстан соғысы ардагерлері де жылы лебіздерін білдірді. Салтанат соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.