Басты тақырыпҚарағанды

Әскери үйірме ашылмақ

    Қарағандыда тәуелсіз Қазақстанның жастарын азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеп, әскери қолданбалы өнерге үйрететін алғашқы үйірме ашылады.

Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігіне қарасты «Әскери-техникалық мектебі» мен №101 мектеп-лицейі серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Жиынға мектеп ұстаздары, оқушылар қатысты.

ҚР ҚМ ҚОФ бойынша «Әскери – техникалық мектебі» директорының орынбасары Юрий Гурьянов және №101 мектеп-лицейінің директоры Рахат Қазтаев қол қойған екіжақты келісім жастарды ұлтжандыққа тәрбиелеуді көздейді.

Жалпы, Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрлігіне қарасты әскери техникалық мектебінің Қарағанды филиалы мен №101 мектеп-лицейінің арасындағы серіктестік – азаматтық қоғамды дамытып, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отыр. Үйірменің ашылуы жастар арасында тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуде аса маңызды болмақ. Өскелең ұрпақтың бойында тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына бейжай қарамайтын жауапкершілік қасиеті болуы тиіс. Осы меморандум жастардың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастырып, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін арттыратыны сөзсіз, – деп атап өтті Рахат Қазтаев.

Шара барысында мектептің 8-11 сынып оқушыларына авиомодельдеу жөніндегі арнайы өкілдің ұшақты құрастыру сәтінен көрініс көрсетілді. Меморандум аясындағы жалпы спорттың әскери-қолданбалы және техникалық түрлерін дамыту саласында авиомодельдеу және авто ісі секілді бағыттар ұсынылды.

«Әсіресе, оқушылар бойында жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастырып, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуда үйірменің маңызы зор. 8-11 сынып оқушыларына арналған «Авиамодельдеу» жаңа үйірмесі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін» мектебінің ашылуы арқылы оқушының азаматтық жауапкершілікке бағытталған жеке тұлғалық қасиеттері дамитын болады», – дейді №101 мектептің ұстаздар қауымы.

Аяулым СОВЕТ

Суретті түсірген Д.ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button