Сиреньді жұлғандарға айыппұл салынады
Қазақстанда сиреньді (мамыргүлді) рұқсатсыз жұлу – заң бұзушылық болып саналады. Ел аумағында аулаларда, саябақтарда және көше бойында өсіп тұрған жасыл желектер мемлекет қорғауында деп хабарлайды ortalyq.kz тілшісі BAQ.KZ -ке сілтеме жасап. Қала аумағындағы гүлдерді зақымдағаны үшін жеке тұлғаларға шамамен 216 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары мұндай әрекеттер жиі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 386-бабына сәйкес қаралатынын атап өтті. Бұл бап бойынша жасыл желектерді күтіп-ұстау немесе қорғау қағидаларын бұзғаны үшін шамамен 30 айлық есептік көрсеткіш (130 мың теңгеге жуық) көлемінде айыппұл қарастырылған.
Егер өсімдік жекеменшік аумақта орналасса, онда мәселе меншік иесімен шешіледі. Иесі келтірілген шығынды бағалап, өтемақы талап етуге құқылы.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



