Бас тақырыпОблыс әкімі

Шет өңіріндегі шырайлы шаруа

Шет ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ерлан Қошанов аймақтағы археологиялық қазбалар мен олардан күтілетін нәтижелер жоспарын құрып, ортаға салуды тапсырды. Сонымен қатар, аймақ басшысы ежелгі қорымдар анықталған жерлерде туристік базалар құру керектігін атап өтті.

Облыс әкімі 2016 жылы табылған Қаражартас қорымына барды. Мұнда Қазақстан үшін бірегей болып табылатын сатылы пирамида түріндегі ежелгі үйінділер бар.

Осы қорымнан төрт шақырым қашықтықта қазіргі таңда қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Археологтар қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың және тұрмыстық заттардың қалдықтарын, сондай-ақ, екі дөңгелекті күйме арбаға жегілген атымен қоса жерленген жауынгердің сүйектерін анықтаған.

– Көбінесе, Қазақстанның қазіргі аумағына қарағанда, Қытайда осылайша дәулетті жауынгерлерді жерлеген. Көріп отырсыздар, жерлеу екі дөңгелекті арбаға ұқсас – ортасында қаза болған жауынгердің мәйіті, алдында бірінен соң бірі жатқан екі ат жерленген. Сондай-ақ, қабірде тұрмыстық заттар мен қару-жарақтар бар: псалия – ежелгі жүгендегі ауыздық, найзаның тастан жасалған ұшы, тастан қашалып жасалған садақ оғының ұшы, найзаның қоладан жасалған ұшы, алтын жалатқан салпыншақ және көптеген керамикадан жасалған ыдыс-аяқтар табылды. Бұл адам осы өмірде қандай болса, басқа жалғанда да сондай болады деген сеніммен байланысты. Бұл жаңалықты өте маңызды деп айтуға болады. Себебі, Қазақстанда ондай қазбалар жиі кездесе бермейді, – дейді Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының аға ғылыми қызметкері Игорь Кукушкин.

Қазіргі таңда қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан Шет ауданы Талды ауылының маңында қола дәуірі мен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің әлі де анықталмаған, ашылмаған ескерткіштері көп деген болжам бар. Алайда, зерттеулер жүргізу үшін тұрақты қаржыландыру мен аймақтағы зерттеулерге жәрдемдесіп, жетекшілік ете алатын толыққанды тарихи-мәдени орталық қажет.

– Қазбалардың жоспарын құрыңыздар, күтілетін нәтижелерді келтіріп таныстыру материалдарын әзірлеңіздер. Бұл аймағымыз үшін үлкен және қажетті жұмыстар, осы секілді жаңалықтар облысымызға келетін туристердің қатарын көбейтіп, шет елдік мамандарды қызықтыруы әбден мүмкін. Бұл жұмыстарды жалғастыру керек. Өз тарапымыздан біз қанша және қандай бағыттарға қаражат бөле алатынымызды ойластыратын боламыз, – деді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар, облыс әкімі ежелгі қазбаларды тамашалауға келетін туристер үшін инфрақұрылымды жақсартып, жағдай жасауды тапсырды.

– Адамдар пирамиданы көруге күн сайын келеді. Осы жерде этноауыл құруға және келушілерге ыңғайлы жағдай жасауға дайын бизнесмен де табылды. Қазір біз бұл бағытта жұмыс атқарып жатырмыз, – деп мәлімдеді Шет ауданы әкімінің орынбасары Мұхит Мұхтаров.

 Қаржартас қорымының маңайында Облыс әкімінің жұмыс сапары табылған қабірлер туралы Сарыарқа археологиялық институтының қызметкерлері осы жылдың қыркүйек айында өтетін халықаралық археологтар симпозиумінде айтатын болады.

***

 Қараша айында Шет ауданының Сәкен Сейфуллин атындағы кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады. Бір мезгілде онда 40 адам шыныға алады. Ғимаратта күреске арналған, тренажер залдары жабдықталып, кешеннің аумағында спорттық алаңдар ашылатын болады.

Қазіргі таңда жұмыскерлер ғимаратты әрлеп, коммуникациялар өткізіп жатыр. Кешеннің жалпы ауданы – 1262,2 шаршы метр. Жобаның құны – 373,6 млн. теңге.

Жұмыс сапарында облыс әкімі Ерлан Қошанов кешеннің құрылысымен танысты. Ол аудан әкімшілігіне кенттің барынша көбірек жастары спортпен шұғылданып, спорт кешенінің ашылуынан соң оған келушілердің қатары қалың болуын қадағалауды тапсырды.

Сондай-ақ, Ерлан Қошанов Жарық станциясының теміржол вокзалының маңындағы абаттандырылған саябақты қарап шықты. Мұнда тас төсеніштер салынып, гүлзарлар мен орындықтар орнатылған.

– Бүкіл кентті толық қалыпқа келтіру керек. Мұнда кезінде жайқалып тұрған бақтар болатын. Соларды қайта жандандырыңыздар. Неліктен барлығы осылай құлдырап қалған? Кентті гүлдендіру керек, станцияны қалыпқа келтіру керек. Мұнда әрдайым пойыздар жүріп-тұрады, жолаушылар күтімсіз қалған аумақты көреді. Бір ғана гүл бағын жасағандарыңыз аздық етеді, – деді Ерлан Қошанов С.Сейфуллин атындағы кенттің әкімі Бауыржан Серіковке.

 Аймақ басшысы елді мекеннің ұңғымадан су құбырларына дейінгі сутаратқышының құрылысымен танысты.

 Жоба бойынша бірінші көтерменің сорғыш станциясы мен 33,802 шақырым су құбырларының құрылысы қарастырылған.

Жұмыстар биылғы жылдың наурызында басталған. Құрылысты 2020 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарда тұр. Бұл мерзім аймақ басшысының көңілінен шықпады.

– Құрылыс мерзімі тым созылып кеткен, – деген Ерлан Қошанов аудан әкімдігіне мемлекеттік бюджетке 2020 жылға белгіленген ақша аударымдарын 2019 жылға көшіруін сұрап, өтініш жазуды тапсырды. Мұндай шаралар желі құрылысын жылдамдатып, кент тұрғындарын ауыз сумен анағұрлым ертерек қамтуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімінің баспасөз қызмет

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button