Бас тақырып

Шет ауданы: үйін су басқан ауыл тұрғындары баспанасына оралды

Осыдан екі күн бұрын Шет ауданында төтенше жағдай жарияланған болатын. Ақсу-Аюлы ауылдық округінің Қайрақты ауылының 67 тұрғыны аудан орталығына уақытша орналастырылып, тиісті шаралар атқарылған. Бүгін сол ауылдың тұрғындары үйлеріне оралды. Қазір жергілікті атқарушы органдар ауыл тұрғындарына көмек көрсету үшін қажетті техника мен адамдарды жұмылдыруда.

Суреттер: ТЖД-нен

Сонымен қатар, Нұраталды ауылдық округінің Ақсу ауылының 119 тұрғыны да үйлеріне оралды. Олар бірнеше күн бойы туыстарының үйінде болған еді. Ал, Ақсу ауылында жолдар ретке келтірілуде. Мотопомпаларды пайдаланып, су бұру жұмыстарын жүргізуде.

Красная Поляна ауылдық округінен эвакуацияланған 10 адам да үйлеріне оралды.

Қазір жақын арада су басқан үйлердің залал көлемін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, бағалаушылар тексереді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button