Бас тақырыпЖаңалықтар

ҰҚК-нің жаңа төрағасы тағайындалды

Марат Ирменов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет ҰҚК
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатауоллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалып, бұрынғы атқарған қызметінен босатылды. Ол бұл тағайындауға дейін, 2025 жылдың қазан айынан бері ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Айта кетейік, бүгін, 16 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды.

Марат Ирменовтің өмірбаяны

Білімі: 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 1996 жылы ҰҚК институтын, ал 2000 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1996–2000 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел қызметтерде еңбек етті. 2000–2025 жылдар аралығында осы ведомствода түрлі басшылық лауазымдарды атқарды.
Атақтары мен марапаттары: 2019 жылы оған ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры әскери атағы берілді. II дәрежелі «Даңқ» орденімен, мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған, сондай-ақ ҰҚК-нің құрметті қызметкері.
13 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдап, ведомствоның жыл басынан бері атқарған негізгі жұмыстарының қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есебін тыңдаған болатын.
Кездесу барысында Президентке терроризм мен экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмыстары баяндалды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, кибер және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылып, Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызмет бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берген еді.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button