Қарқаралы

Шалғайдағы ауыл жастары назардан тыс қалмайды

Қарқаралы ауданында “Жастар жылына” орай бастау алған “Жастар жалыны” атты эстафета Томар ауылынан Татан ауылының жастарына табысталды. Эстафета туы 2 апта Томар ауылында болып, ауыл әкімшілігі, ауыл мектебі және ауылдың белсенді жастарының ұйымдастыруымен жастар арасында қайырымдылық, экологиялық, спорттық, патриоттық және мәдени шараларды өткізген.

01 наурыз күні ауданна келген мамандар Томар ауылындағы 2 жұмыссыз жасқа (ауылда барлығы 5 жұмыссыз жас, 3-еуі аудан аумағынан шығып кеткен) жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттар беріп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмысынан кейін 1 жас ақылы қоғамдық жұмысқа тартылатын болды. Кейін “Бастау бизнес” курсына жазылуға ниет білдірді.

Қарқаралы қаласының “JasStar Еріктілер Лигасының” төрағасы Томар ауылының оқушыларына өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және мамандық таңдау тақырыптарында семинар-тренинг өткізді

Сондай-ақ, “Діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитеті қалыптастыру» мақсатында, Томар ауылдық округ әкімінің аппараты, жергілікті тұрғындар және №22 орта мектеп жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар ұжымына , “Jarqyn Bolashaq” қоғамдық бірлестігі, жастар ресурстық орталығының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау секторының мамандары “Бұны білу маңызды”- атты акциясын өткізді. Акция барысында ауылдық округ әкімінің аппараты, жергілікті тұрғындар, №22 орта мектеп жоғары сынып оқушылары, ұстаздар ұжымымен Елбасының Жолдауын, Қазақстан халықтарының ұлттық және рухани-адамгершілік құндылықтары, «Елбасының «Болашаққа бағдар: «Рухани Жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының негізгі басымдықтарын басшылыққа ала отырып жатқан ағымдардан, әлеуметтік желілермен мессенджерлерде экстремистік идеологияның таралу қаупінен сақтану мақсатында жан-жақты ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонмен қатар, Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігі қоғамдық келісім комитеті, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мақұлдаған діни кітаптардың қысқаша тізімі, балаңызды деструктивтік немесе адасқан ағыманан қалай сақтану туралы жеткіншектер мен жастарға арналған діни қауіпсіздіктің негізгі ережелері туралы жандынамалар, дәстүрлі ислам туралы сайттар, деструктивтік діни ағымдардың ықпалына түскен адамдардың бойындағы, өзгерістер туралы плакаттар таратылды.

Қарқаралы Жастары

Басқа материалдар

Back to top button