Сайлау – 2021Шет

Шалғай ауылдарда да карантин талабы сақталады

Ауыл әкімдерін сайлауды облыстық сайлау комиссиясы қатаң бақылап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мәдина ӘПИЕВА айтып берді.

Сайлау процесінің барысына тоқталған Мәдина Молдабекқызы:

— Аймақтық сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес Қарағанды облысында бүгін, 25 шілдеде таңғы жетіде 13 ауылда, 14 кентте, 45 ауылдық округтегі 149 сайлау учаскесінде сайлаушылар дауыс беруге кірісті. Сағат 10-ғы жағдай бойынша жалпы сайлаушылардың 9 пайызы дауыс берді.

Жалпы 303 адам ауыл әкімінің тікелелей сайлауына кандидаттыққа ұсынылды. Оның 257-сі үміткер болып тіркелді.

Сайлау учаскелері карантиндік талаптарды ескере отырып дайындалған. Міндетті талаптар – бетперде, қолғап және антисептик. Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін еденге белгі қойылды. Сайлау комиссияларының мүшелері коронавирустық инфекцияға қарсы егілді. Бақылаушылар теріс ПТР тестін ұсынды. Кіре берісте келушілердің температурасы өлшенеді. Айта кету керек, карантин талаптары аудан орталығынан шалғай жатқан ауылдарда да сақталады, — дейді

Қызғалдақ АЙТЖАН.

Басқа материалдар

Back to top button