Спорт
«Шахтердің» түлегі Геворг Наджарян елге оралды
Бұған дейін келісімшарт бойынша Еуропада доп тепкен тәжірибелі футболшы Геворг Наджарян «Атырау» клубымен келісімшартқа отырды.
Геворг Наджарян бірнеше дүркін ел чемпионатында жеңіске жеткен қарағандылық «Шахтер» клубының тәрбиеленушісі. Талантты жартылай қорғаушы қазақстандық «Астана» және армяндық «Пюник» және «Ван» командаларының сапында өнер көрсеткен.
Ал, Қазақстан Премьер-лигасында барлығы 101 матчта алаңға шығып, 4 гол соғып, 4 голдың қарсыластар қақпасына дәл кіруіне жағдай жасаған. Осылайша, «Шахтер» клубы легионер дайындайтын ұстахана екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz