«Шахтер» тағы да жеңіліп қалды
Қарағандылық «Шахтер» ел чемпионатының V турында сырт алаңда қызылордалық «Қайсармен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңіліп қалды.
Биылғы чемпионат қарағандылықтар үшін сәтсіз басталды. Алғашқы ойында «Астана», одан кейін «Ордабасы», «Тобыл» клубынан жеңілді. Тек, алматылық «Қайратпен» тең түсіп, 1 ұпай еншілей алды.
Ойынның 2-ші минутында жерлестер есеп ашқан болатын. Гол авторы – Иван Свиридов. Алайда, қарсыластар 20-шы минутта таразы басын теңестіріп кетті. Араға тағы 20 минут салып, алаң иелері есепте алға шықты. Сол қапталдан ұйымдастырған шабуылдың соңын голға ұластырған – Әділет Кеңесбек еді. Осыдан кейін қос команда екінші айналымда ешқандай гол сала алмады.
– Матч ауыр болды. Алаң иелері өткен турдағы жеңістен соң біраз басымдықпен ойнады. Қарсыласқа стандарттық жағдайлар бойынша дайындалдық. Әсіресе, қарымта шабуылға назар аудардық. Стандарттарды тойтара алдық. Алайда, айып алаңы сыртынан екі гол өткіздік. Екінші таймда территориялық басымдықты иелендік. Бірақ, қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана алмадық, – деді «Шахтёрдың» бас бапкері Игорь Солошенко
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz