Жаңалықтар

«Шахтер-2004» –жеңімпаз

    Қарағанды облысында футболдан жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың ақтық 2-ші туры өтіп жатыр. Айтулы додаға «Ақтөбе», «Астана», «Иртыш» командаларының тәрбиеленушілері арнайы келген болатын. Осы ойын барысында, қарағандылық «Шахтер-2004» командасы мерзімінен бұрын чемпион атанды.

Бірінші күні «Ақтөбе» мен «Астана» командалары тартысқа түсті. Жалпы есептері – 1:0. Ал, «Шахтер-2004» командасы павлодарлық «Иртыш» командасымен кездесіп, қарағандылық жасөспірімдер – 4:2 есебімен жеңіске жетті. Мықты жас ойыншылардың бірі Максим Самченко команда қоржынына 6 ұпай салып, команда мерейін үстем етті. Сонымен қатар, Қарағанды облысының намысын қорғаған жас спортшылар арасында Евгений Куприн, Никита Туманов, Азиз Изделеуов, Роман Москалевтер ерекше ойын өрнегін көрсетті. Осылайша, жоғары ұпай жинаған қарағандылықтар мерзімінен бұрын жеңісіне қол жеткізді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button