Бас тақырыпОблыс әкімі

Шахтаға жаңашыл жүйе енгізілуде

«Абай» шахтасында цифрлық технологиялар енгізілуде. Ескірген техниканы алмастыру өткен жылы басталып, шамамен 2020 жылға дейін жалғасады.

Өткен жылдың желтоқсанында шахтада автоматтандырылған басқару және басты желдеткішті бақылау жүйесі орнатылды. Енді, бас диспетчер пультінен нақты уақытта wi-fi арқылы қашықтықтан желдеткіштің жұмысын конвейерлік желілердегідей қадағалауға және онда туындаған ақауларды жедел жоюға болады. Құрылғыларды жаңғыртуға 20 млн. теңге жұмсалды.

Былтырғы жыл соңында шахтадағы газ жанарғысы ауыстырылды. Соның арқасында көмір шығару кезінде бөлінетін газды монша-кір жуу корпусындағы суды жылыту үшін пайдалануға болады.

Бұған қоса, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Қарағанды облысындағы иелігіндегі барлық сегіз шахтада жайғасым жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.

– Бұл жүйе бізге жер астындағы әрбір кеншінің жүрген жерін қадағалауға, онда бейнебақылау орнатып, тасымалды рацияны қолдануға мүмкіндік береді. Ол үшін шахтаның өзінде біз оптоталшықты кабель жүргіземіз. Ал, арнайы датчиктер шахтерлердің шамдарына орнатылатын болады. Бұл құрал-жабдықтардың барлығы сертификатталған және жарылу қаупі жоқ. Апаттық жағдайда мұндай жүйе барлау жұмыстарын тоқтатуға мүмкіндік береді. Біз кімнің қай жерде орналасқанын нақты біліп, жедел түрде адамдарды эвакуациялайтын боламыз. Әзірге осындай жүйені «Қазақстан» шахтасында енгізуде. Содан кейін оны басқа да шахталарда да қолданады, – дейді «Абай» шахтасының бас механигі Олег Мещеряков.

Жаңғырту жұмыстарын жалғастыру жоспарында қазандық қондырғыларына арналған автоматтандырылған басқару және бақылау жүйесін орнату мен жабдықты ішінара ауыстыру жұмыстары бар.

Қазіргі таңда «Абай» шахтасында жаңа лаваны дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Оны қолданысқа осы жылдың наурызында енгізу жоспарланып отыр. Қазір «Глинник-2245» кешенінің 72 секциясы орнатылған. Лаваның жобалық қуаттылығы – шамамен 650 мың тонна көмір.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button