Спорт

Үш ұпайды олжалады

    Премьер-Лиганың ХХ турында «Шахтер» көкшетаулық «Оқжетпестен» 1:0 есебімен басым түсті. Мұның алдындағы турда тап осындай көрсеткішпен шымкенттік «Ордабасыға» есе жіберген-ді.

Матчтағы жалғыз голды словак Юлиюс Сзоке салды. 13-ші минутта «шахтерлік» жартылай қорғаушы мергендігімен көзге түсті.

Сөйтіп, «Шахтер» жиырма ойында 21 ұпай жинап, 7-ші сатыға жайғасты. Жағдай жақсарып келеді. «Оқжетпес» 19 ұпаймен 9-шы орында. Бәйге басында – «Астана» (48 ұпай). Алматылық «Қайраттың» еншісінде 2-ші орын. Тиісінше, 43 ұпай. Алғашқы үштікті 38 ұпаймен «Ордабасы» түйіндеп тұр.

Қарағандылықтардың келесі қарсыласы – «Ертіс». 23 шілдеде «Шахтер» Керекуге барады.

Нұрқанат ҚАНАФИН.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button