Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
Серік Сәпиев Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайланды.

Бұл туралы Сәпиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
— Құрметті достар! Мен сіздермен соңғы жаңалықтармен бөліскім келеді. Мен Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Бүгін Президент ретінде кезектен тыс Конференцияда Комитет басшылығының жаңа құрамын таныстырдым, сондай-ақ алдағы жоспарларды белгіледім. Туризм және спорт министрлігіне, және де бүгінгі іс-шараға қатысқан барлық ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін! Сурдлимпиадашылар Алға! — деп жазды спортшы.
26 сәуірде Астанада Ұлттық сурдлимпиадалық комитеттің (ҰСҚ) кезектен тыс конференциясы өтті. Іс-шараға Комитеттің делегаттары мен құрылтайшылары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен спорт қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Дауыс беру қорытындысы бойынша ҰСҚ Президенті болып Серік Жұманғалиұлы Сәпиев сайланды.
Оның кандидатурасын құрылтайшылар бірауыздан қолдады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА