Бас тақырыпРесми

Сенат Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ерболат Досаевтың кандидатурасын мақұлдады

Сенат депутаттары Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ерболат Досаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

“Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің отставкасын қабылдады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен Ұлттық банк төрағасын тағайындауға кандидатураны келісуге келдім. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ерболат Досаевтың кандидатурасын ұсынды. Ол өзін білікті қаржыгер ретінде көрсетті. Мен тағайындауға келісім беруіңізді сұраймын”, – деді Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев. 

Басқа материалдар

Back to top button