Жаңалықтар

Саяси додаға әзірлік пысықталды

   Қарағанды өңіріне тексерумен келген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының ресми өкілі Константин ПЕТРОВ «Қарағанды облысындағы сайлау кампаниясы заңға сәйкес өтуде» дейді.

Облыс бойынша барлығы 7 мәслихат депутаты сайланатын болады, 44 сайлау комиссиясы жұмылдырылған. Біз аймақтық сайлау комитеттеріне барып шықтық, бірқатар қатысушылар сайлауға дайындық барысымен мұқият танысты. Сайлаушылар тізіміне 69 мыңнан астам адам енгізілген. Осы орайда, сайлаушыларға өздерінің тізімде бар екендіктерін тексеру құқығын айта кеткім келеді. Ол үшін сайлау учаскесіне жеке куәлікпен келіп, тізімде болмаған жағдайда міндетті түрде мекен-жай анықтамасын әкеледі, – дейді К.Петров.

Депутаттыққа 21 үміткер ұсынылған және тіркелген, бір орынға үш адамнан келеді. Оның ішінде, үш үміткер партия тізімі бойынша ұсынылған, қалғаны – өздерін ұсынғандар. Үміткерлердің орташа жас шамасы 40-та, оның басым бөлігі, ер адамдар. Көпшілігі мемлекеттік мекемелерде және коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейтіндер.

5 қазаннан бастап үміткерлер үгіт-насихатқа кірісті, ол 28 қазанға дейін жалғаспақ.

Орталық сайлау комиссиясының ресми өкілінің айтуынша үгіт-насихат жұмыстарына республикалық бюджеттен 4 миллион теңге бөлінген.

Салтанат ИЛЬЯШОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button