Абай

Саябақтың сәні кіреді

      Абай қаласында құрылыс жұмыстары тың қарқын алды. Мектеп пен стадион, саябақ және жолдар жөндеу көруде.

 

Қаланың келбетін көріктендіруге бағытталған игi iстердің бірі – жұртшылықтың, ауданға келген қонақтардың жиі келетін әдемі демалыс орнына айналған орталық саябаққа биылғы жылы күрделі жөндеу жүргізілуде. Саябақтың ішін заман талғамына сай қалпына келтіру жұмыстары мамыр айынан бастап қарқынды қолға алынған болатын.

Жөндеу жұмыстарын бастаған «Асар KZ» ЖШС саябақтың ішін толығымен өзгертпекші. Саябақта ҰОС даңқ монументі орнатылып, аумағында тұрғындар үшін шағын сәулет мүсіндері, демалыс орны, қоқыс жәшігі және орындықтар қойылды. Спорттық және балалар ойын алаңдарында әр түрлі спорттық мүсіндер де орнатылды.

Бүгінгі таңда әрлеу, суармалы құбырларды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Жас отбасы» мүсіндік композициялар орнатылған алаңға жалпы көлемі 7000 шаршы метр болатын кеспетастар төселеді. Аталмыш жерге көктем айында 100 қарағай, 100 шырша және 20 қайың егілген. Суармалы құбырлар орнату бойынша жұмыстар да аяқталуда. Сонымен қатар, сауық кештерді өткізу үшін сахна салынатын болады.

Жалпы, құрылысқа аудандық бюджет есебiнен 325 млн. теңге қаралған. Жөндеу жұмыстары қараша айында толығымен аяқталады деп күтілуде.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button