Жаңалықтар

Саябақтың сәні кіреді

   Биыл Қарағанды билігі қаладағы орталық саябақта жөндеу жұмыстарын бастамақ. Белгілі болғандай, жаңғырту шаралары үш жылға жалғасады.

Үстіміздегі жылы, әзірге, алғашқы кезеңі жүзеге асады. Яғни, мердігер «СапаЖолСтрой» ЖШС саябақты Ержанов көшесі бағытынан абаттандыруды ойластыруда. Бұдан кейін компания Ғазалиев және Чкалов көшелері тұсынан жұмыстарды бастамақ.

Сондай-ақ, қала басшылығы саябақтағы тоғанды тазартып шығуды жоспарлауда. Егер, қаржыландыру мәселесі шешілсе, бірден тазарту жұмыстары басталады.

Қала әкімдігі мамандарының айтуынша, саябақ келбеті біршама өзгермек. Бүгінде қажетті жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.

Жобалаушылардың мәліметінше, саябақта жарық шамдары, тротуарлар, сәкілер, қоғамдық тамақтандыру орындары қойылады.

Инвестор табылса, аквапарк та ашылады. Бұл енді, қаржыға байланысты.

Нұрқанат ҚАНАФИН

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button