Жаңалықтар

Сауаттары тексерілді

   Мемлекеттік қызметшілер білікті ғана емес, тілге жетік, сауаты жоғары болуы қажет. Ал, үш тіл білсе – тіпті, жақсы. Сондықтан да мемлекеттік қызметшілердің білімі мен мемлекеттік тілге деген сауаты жиі тексеріліп тұрады.

Жуырда облыстық тілдерді дамыту басқармасы осындай бір шара ұйымдастырды. Облыстың жергілікті және қалалар мен аудандардағы атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінен диктант алу жұмысы жүргізілді.

Бұл мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің басқару тілі ретінде, іс жүргізуде негізгі тіл ретінде кеңінен қолданылуын қамтамасыз етуді жетілдіруді, мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілінде сауатты жазу дағдысын қалыптастыруды мақсат етеді.

Қатысушыларға қазақ тілін білу деңгейін бағалауға негізделген «Қазтест» жүйесі бойынша міндетті талаптарға сәйкес В1 деңгейінің диктанты берілді. Негізінен алғанда осы деңгейдегі қызметшілердің қазақ тілін білуі көбіне ақсап жатады екен.

Сол күні Достық үйінде 80 адамның сауаты тексеруден өтті. Диктант жазушылардың жұмысы 10 балдық жүйемен бағаланған.

Олардың көпшілігі қазақ мектебін бітіргендіктен, бағалары жоғары болды. Тек 5 – 6 адамның жұмысы ғана 7 балға жетпей қалыпты. Негізінен 120 сөзден тұратын жұмыс жақсы жазылған, – деп атап өтті осы жұмысты жүргізген облыстық тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері Жұпар Жақанова.

Негізінен алғанда, биылғы жылы 800 қызметшінің сауатын тексеру көзделген екен.

Сүйіндік ЖАНЫСБАЙ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button