Ресми

«Сарыарқа саңлағы» жастар жобасы басталады

Қарағанды облысында «Сарыарқа саңлағы» жастар жобасы басталады. Жоба аясында облыстың барлық білім беру ұйымдарында ай сайын пікірсайыс турнирлері мен пікірталас алаңдары ұйымдастырылады.

 

Пікірталас тақырыбын ұйымдастыру комитеті айтулы күндерді мерекелеу шеңберінде бекітеді. Биыл дебаттық турнирлер циклі Абай Құнанбаевтың, Әл-Фараби мен басқа да көрнекті ойшылдардың, қазақ халқының қоғам қайраткерлерінің шығармашылық мұрасына арналады. Жоба жастардың рухани-адамгершілік дамуына, білім сабақтастығы мен жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеуге бағытталған.

«Сарыарқа саңлағы» облыстық жобасының бірінші кезеңі 9 қаңтарда Жезқазған қаласында  өтеді. Оған мамандандырылған мектеп – интернаттар мен Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысады. Шараға педагогикалық еңбек ардагерлері, дебаттық турнирлердің сарапшылары, мектеп және колледж оқушылары, директорлары мен орынбасарлары шақырылды. Барлық командалар сөз сөйлегеннен кейін залдан келген әрбір адам берілген тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісе алады.

Басқа материалдар

Back to top button