Спорт

«Сарыарқа барысында» белдеспек

Қарағандының жеңіл атлетика манежінде қазақ күресінен «Сарыарқа барысы» облыстық турнирі өтпек.

Аталған турнирге 18 жастан асқан әуесқой спортшылар қатыса алады. «Сарыарқа барысында» бағы мен бабы қатар келген балуан республикалық «Қазақстан Барысында» белдесуге мүмкіндік алады. Жыл сайын дәстүрге айналған қазақ күресінің бұл байқауы көпшіліктің қызығушылығын арттыруда. Әсіресе, ұлттық спорт сүйер жастар мен көкпаршы қауым қатысуға ниет білдіруде. Күрестің басталуы 21 мамыр күні сағат 12:00 де.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button